Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалаулымда" бас қосқан Айдос Игіліков пен Зарина Сапарова ажырасып кетті (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Бір Болайық/Youtube

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасында танысып, кейін шаңырақ көтерген Айдос Игіліков пен Зарина Сапарова ажырасып кетті. Бүгінде журналистика саласында еңбектеніп жүрген Айдос әлеуметтік желідегі алыпқашпа сөздерге нүкте қойып, KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді.

"Отбасымды сақтап қалу үшін қолымнан келгеннің бәрін істедім. Ауылдан Алматыға көшіп келдім. Мұндағы мақсатым – журналистикада жұмыс істеу ғана емес, жанұямды сақтау еді. Бірақ біздің отбасылық өмірімізге араласатын жандар, сырт көздер көбейіп кетті. Осынша уақыт бойы қаншама ұрыс-керіс болды. Мен өзіме берілетін азғантай өмірді айғау-шумен өткізгім келмейді. Сол үшін осындай шешім қабылдап, Түркістанға қайтып кеттім", - дейді ол.

Айдостың айтуынша, Зарина айтарлықтай қиындық көрмеген.

Фото
Фото: Бір болайық/Youtube

"Мүмкін, Заринаға өзі армандағандай тұрмыстық өмірді сыйлай алмаған шығармын. Бірақ ешкімнен кем болған жоқпыз. Мені әлеуметтік желімен ғана өмір сүретін адам деп ойлаған шығар. Екі жас шаңырақ көтерген соң, оларға үлкендердің жол сілтеп отыруы заңды. Алайда, бұл отбасылық өмірге тікелей араласу керек дегенді білдірмейді.

Үйленгелі бері Зарина оң босағасынан 8 рет кетіп қалды. Тоғызыншы рет кеткенде менің де шыдамым таусылды.

Жоғарыда айтқандай, ұрыс-керістен шаршадым. Сол себепті, бұл бәрімізге де дұрыс шешім де ойлаймын. Бүгінде Түркістанда, ата-анамның қасындамын. Жақын күндері қызмет ауыстыруды да ойлап жүрмін. Үлкен облыс орталығына айналған Түркістанға тамыр жаюды көздеп отырмын", - дейді Айдос Игіліков.

Айта кетелік, Зарина Сапарова телекөрерменге көңілді тапқырлар клубы арқылы танылып, кейін "Қалаулым" бағдарламасы арқылы журналист Айдос Игіліковпен бас қосқан болатын.

Фото
Фото: Айдос Игіліковтің жеке мұрағаты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874756-kalaulymda-bas-koskan-ajdos-igilikov-pen-zarina-saparova-azyrasyp-ketti-foto/

pixel