Алматы облысында екі мұғалім оқушыларды бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Алматы облысында екі мұғалімге қатысты тергеу шаралары басталды. Олар кәмелетке толмаған балаларды зорлағаны үшін айыпталып отыр KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Үштөбе қалалық полиция бөліміне 16 жастағы екі оқушының ата-аналары арыз түсірген. Олардың шағымының 13 тамызда тіркелгені белгілі болды.
Қазіргі уақытта дене шынықтыру пәнінен сабақ берген екі мұғалім қамауға алынған.
Олар екі мектепте жұмыс істейді. Екеуі де кәмелет жасына толмаған қыздарды бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінген.
Жәбірленуші бір қыз Қапшағай колледжінде оқыса, екіншісі – Үштөбе мектебінің оқушысы.
Облыстық білім беру басқармасы осы ақпаратты растап отыр. Бірақ тергеу шараларының жүргізіліп жатуына байланысты басқарма басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова оқиғаның мән-жайын айтқан жоқ. Алайда, екі мұғалімге қатысты пікір білдірді.
"Иә, біз осы фактілер туралы білеміз. Қазіргі кезде полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Сондықтан оқиғаның мән-жайын айта алмаймыз. Негізі, екі мұғалім де үйленген. Бас кезінде мінездемелері де жақсы болған", - дейді Сүлейманова.
Оның айтуынша, бұған дейін сол білім беру мекемелерінде оқушылар арасында сауалнама жүргізілген. Бірақ тәртіп бұзушылықтар туралы мәлімет тіркелмепті.
Басылым дерегінше, облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты ресми ақпарат бермеген.
Алайда тергеу шаралары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалғаны айтылды.
Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("Зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Одан бөлек, тағы бір адамның осы іске қатысы болуы мүмкін деген ақпарат шықты. Бірақ ол білім беру саласында жұмыс істемейді.
Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда бұрынғы прокуратура қызметкері мен бұрынғы банк қызметкері бірлесіп қыз зорлады деп күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874871-almaty-oblysynda-eki-mgalim-okusylardy-birnese-ret-zorlady-degen-kdikke-ilindi/