Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтарды әбігерге салған "жаңа" камералардың нені бақылайды

Жарияланған күні:

Камера1
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматылық көлік жүргізушілерді мегаполистің жолдарында пайда болған жаңа камералар таңғалдырды. Полиция олардың қандай камералар екенін және нені түсіретінін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram-дағы sergek.almata-дағы топтың жазылушысы осы камералардың фотосын парақшаға жіберген.

"Қалада жаңа камералар пайда болды! Олар нені бақылайды?" – делінген жазбаның фотосында аталған камералар қызыл көрсеткішпен белгіленген.
Камера1
Фото: instagram.com/sergek.almata

Парақшаның оқырмандары әдеттегідей камералардың мақсаты туралы өз пікірлерін айта бастады. Көбі бұл жағдайға әзілдеп те өз ойын жеткізген.

"Температураны өлшейді", "Олар қаладағы масаларды санайды", "Олар ренжіп, басқа жаққа қарап тұр", "Мүмкін А нүктесінен В нүктесіне дейінгі орташа жылдамдықты есептейтін болар", "Олар Спэндж бобқа ұқсайды екен", – делінген жазба астындағы пікірде.

NUR.KZ редакциясы қалалық полиция бөлімінен түсініктеме сұрады.

"Бұл жаңа камералар емес. Біз бұл жүйені бұрыннан орнатқанбыз, автоматтандырылған жүйе "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" деп аталады", – деп түсіндірді тәртіп сақшылары.

Бұл камералардың мақсаты – жол белгілері, стоп-сызықтар ережелерін бұзу, жылдамдықты асыруды фотоға түсіреді.

Еске салсақ, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев самокат пен велосипед тізгіндеген алматылықтарды жол ережелерін сақтауға шақырған болатын.

Олай болмаған жағдайда тәртіп бұзушылар "Сергек" камерасы арқылы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Айта кету керек, 10 қыркүйектен бастап Атырау қаласында жол ережесі мен қоғамдық тәртіпті бұзғандарды тіркеп отыратын "Сергек" камералары іске қосылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875382-almatylyktardy-bigerge-salgan-zaa-kameralardy-neni-bakylajdy/