Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

13 жастағы жеткіншектен жүкті болған ару түрмеге тоғытылды

Опубликовано:

ФОто
Фото: HNP Picture Desk

20 жастағы Леа Кордис 2017 жылы жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін екі жылға сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

20 жастағы бала күтуші бірнеше ай бойы балаға назар аударудың құпия белгілерін көрсеткен. 2017 жылдың қаңтарында ол мас күйінде жасөспіріммен Xbox ойнап отырып жыныстық қатынасқа түскен.

Жүкті болғаннан кейін күтуші өзін зорлады деп айыптауға әрекет жасады. Тіпті, баланың әкесі деп үйдің отағасын көрсетуден тайынған жоқ, деп жазады Mirror Online.

Ол 2020 жылдың мамыр айында темір торға тоғытылды. Ал жасөспірім болса, аталған жағдайдан кейін қатты шок алып, қазіргі уақытта психологтың қарауында емделіп жатыр.

Төсек қатынасынан соң анасы баланың оғаш қылықтарын байқай бастағанын атап өтті. Оның өзінше, ұлы көп сөйлемейтін болған. Күтушісі Леаның үйде болғанын ұнатпайтынын ескертіпті.

Кейінірек оларға полиция келіп, оқиға туралы, сондай-ақ баланың өмірге келуі туралы айтып берген. Алғашында әйел бәрін жоққа шығара бастады, алайда кейін бәрін түсінді. Тәртіп сақшысы жасөспірімнен жауап алғанда, ол қатты қорыққан.

2020 жылы ДНҚ тест жасалып, нәтижесінде жасөспірім шынымен де баланың әкесі болып табылды. Бала тиісті отбасына қайтарылған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда бұрынғы прокуратура қызметкері мен бұрынғы банк қызметкері бірлесіп қыз зорлады деп күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, Алматы облысында да екі мұғалім оқушыларды бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875497-13-zastagy-zetkinsekten-zkti-bolgan-aru-trmege-togytyldy/

pixel