Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоңжыда спорт кешені қирап қалды: Әкімдікте жағдайдың мән-жайы айтылды

Жарияланған күні:

Құрылыс1
Фото: Алматы облысы құрылыс басқармасы

Алматы облысының әкімдігі Шоңжыда салынып жатқан спорт кешенінің құлауы туралы айтты, оның құрылысына 1,1 млрд теңге бөлінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ерке-Бұлан Усманбаев айтуынша, нысанның құлау мән-жайын түсіндіру үшін комиссия жұмыс істеп жатыр. Нысанда болған оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

"Кеше, 21 қыркүйекте Шоңжы ауылында спорттық-сауықтыру кешенін салу кезінде шатырдың жартылай құлады. Мен бұл нысан пайдалануға берілмегенін, ол тек салынып жатқанын баса айтқым келеді. Мұнда ешқандай ғажайып дүние жоқ.
Қателік дәнекерлеу кезінде кеткен немесе ақау буын дұрыс қойылмағаннан болуы мүмкін. Қазір комиссия барлық мән-жайларды қарастыруда. Қорытынды жасала салысымен болған оқиғаның нақты себебі белгілі болады.
Алапат апат болды деп айтуға келмейді. Құрылыс кезінде төбесі жартылай құлаған", – деп түсіндірді ол.

Ерке-Бұлан Усманбаевтың айтуынша, бұл нысанға 50-ге жуық адам тартылған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ол шатырдың жартылай құлауы жұмыс барысына әсер етпейтінін түсіндірді. Мүмкін, құрылыс жоспарланған уақытында, тіпті жыл соңына дейін аяқталуы мүмкін.

Құрылысына 1,171 миллиард теңге бөлінген нысан 2021 жылдың қаңтар айында толықтай аяқталып, пайдалануға берілу керек болған.

Сондай-ақ, естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Елорданың Алаш тас жолы бойындағы "бүкір көпір" аталып кеткен көпірдің бір жақ шеті опырылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875627-sozyda-sport-keseni-kirap-kaldy-kimdikte-zagdajdy-mn-zajy-ajtyldy/