jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Қазақстандық атақты бизнесмен жол апатынан қайтыс болды

Фото
Оқиға орнынан фото: 716.kz

Ақмола облысында белгілі кәсіпкер Владимир Свидерский жол апатынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты 25 қыркүйек күні кешке Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолының 285 шақырымында орын алған.

Kokshetau.asia аймақтық басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, Range Rover жүргізушісі Нұр-Сұлтанға қарай кетіп бара жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Соның солдарынан жол толғамайтын көлік аударылыпты.

Осы сәтте көлікте бес адам болғаны белгілі болды. Олардың екеуі оқиға орнында қаза тапса, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмған.

Басылым мәліметінше, жол апатынан құрбан болғандардың бірі - Көкшетау қаласының танымал кәсіпкері Владимир Свидерский.

Свидерский Ақмола облысында жанармай құю станциялары желісінің қожайыны еді.

фото
Оқиға орнынан фото: 716.kz

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде жол апаты салдарынан 5 жасар сәби қайтыс болған еді.

17 қыркүйек күні Жұмабаев көшесімен Озерная көшесінен Мехколонна көшесі бағытында келе жатқан КамАЗ-65115 автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.

Сондай-ақ, Алматыда көлік қаққан ер адам ғажайыптың күшімен аман қалған еді. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде кең тарады.

Оқиға Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында болған. Бейнежазба кадрларынан бір көліктің екінші көлікке жол бермегенін анық көруге болады.

Салдарынан ақ кроссовер жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бірнеше метрге ұшып, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

БАҚ: Қазақстандық атақты бизнесмен жол апатынан қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.