Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус пандемиясы: Бүгіннен бастап Қазақстанда не өзгереді

Жарияланған күні:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Дүйсенбі, 5 қазаннан бастап Қазақстанда бірқатар шектеулер мен өзгерістер күшіне енеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе қатынасына қойылатын шектеу

Бесінші қазаннан бастап еліміз өзге елдермен әуе қатынасын қайта жандандыруды тоқтатады. Ал бұған дейін рұқсат етілген бағыттар бойынша рейстер қызметін жалғастыра береді. Коронавирус дертінің елде таралып кетуін алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдаған екен.

Нақты қандай шектеулер мен талаптар қойылып отырғанына көз жүгіртелік:

- басқа елдермен рейстердің қайта басталуы тоқтатылады;

- әуе қатынасы қалпына келтірілген елдермен рейстер саны көбейтілмейді;

- Түркияға рейстер саны азайтылады;

- екінші санаттағы елдерден келетін адамдардан мерзімі үш күннен аспайтын COVID-19 тексерісінен өткенін растайтын анықтама талап етіледі әрі термометрия мен сауалнама толтыру талаптары қойылған.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келушілердің анықтамасы болмаған жағдайда олар коронавирусқа зертханалық тексеріс жүргізу үшін карантиндік стационарда екі күн бойы оқшауланатынын айтқан болатын.

"Коронавирустық зертханалық тексерудің нәтижесін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар жұқпалы аурулар емханасына ауыстырылады. Ал теріс нәтиже болса, оларды баратын жеріне жеткізеді", – деп атап өткен Цой.

Аталмыш талаптар ЕАЭО елдерімен және Өзбекстанмен арадағы өткізу пункттерінде мемлекеттік шекарадан өтетін адамдарға қойылатын болады.

Одан бөлек, 6 қазаннан бастап Қазақстан шетелдіктерге соңғы 72 сағат ішінде жүргізілген COVID-19-ға теріс нәтиже көрсетілген анықтамасыз кіруге тыйым салынады.

Алайда, бұл талап Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен Қазақстанға келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелеріне қолданылмайды.

Одан бөлек, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің және Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері немесе транзиттік халықаралық жүк тасымалымен айналысатын тұлғаларға да мұндай талаптар қойылмауда.

Мектептерді тексерістен өткізу

Мекемеаралық комиссияның мәлімдемесіне сәйкес, 5 қазан күні еліміздің мектептерінде "арнайы тапсырыс бойынша" тексеріс басталады.

Бұған дейін тексерілген 697 мектептің 134-інде санитарлық нормалар бұзылғаны анықталған еді. Сонымен қатар, ауыл мектептерінде де көптеген олқылықтар тіркелген.

Аталмыш тексеріс нәтижелері бойынша комиссия екінші тоқсанда мектептердің дәстүрлі оқу сабақтарын қалпына келтіруге дайындық деңгейін бағалайды.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов әкімдерге заңбұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

"Мектептердің дайындық жағдайы бағаланады. Бұл екінші тоқсанда мектептердің жұмысын қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған кезде ескерілетін болады", – деп хабарлады комиссия.

Бүгінде оқушылардың шектеулі саны кезекші сыныптарға барады. Ал өзге оқушылар онлайн-форматта білім алып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін біз Алматыда карантиндік шектеулер тағы да жеңілдетілгенін жазған едік.

Одан бөлек, 60 жыл бірге болған ерлі-зайыпты коронавирустан бір күнде көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877797-koronavirus-pandemiasy-bginnen-bastap-kazakstanda-ne-zgeredi/