Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда он кен орнының мұнай өндіру құқығы аукционға қойылды

Опубликовано:

мұнай өндіру
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде бірнеше мұнай учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі аукциондардың онлайн режимде өтетінін мәлім етті.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік тізілімі" сайтының электронды сауда алаңына көмірсутек қазба байлықтарына арналған 10 жер қойнауы учакесін пайдалану құқығы аукционға қойылды. Аукционға қатысу өтініштері 2020 жылдың 29 қарашасына дейін электронды түрде қабылданады. Аукционға қатысуға өтініш беру тәртібімен видео нұсқаулықтан танысуға болады", – делінген хабарламада.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша электрондық аукцион 2020 жылдың 23 желтоқсанында өтеді.

Аукционға барлығы 10 кен орны қойылды: Сағыз, Қарабау, Забұрын, Бекайдар, Дереш, Балқұдық, Бестерек, Үштаған, Қошалақ және Сарайшық.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның оңтүстігі мен батысында қандай пайдалы қазбалар өндірілетінін жазған едік.

Сондай-ақ бұдан бұрын еліміздегі экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы мәселе көтергенбіз.

Қазақстанның дамыған индустриалды ел ретіндегі экологиялық проблемалары ондаған жылдар бойы жиналып келді. Өз ресурстарын жақсарту үшін еліміз қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысатын көптеген аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878073-kazakstanda-on-ken-ornyny-mnaj-ndiru-kkygy-aukcionga-kojyldy/

pixel