Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында адам өліміне қатысты күдіктіден ірі көлемде есірткі табылды

Опубликовано:

Полицей1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы облысының полицейлері кісі өлімі бойынша күдіктелген азаматтан ірі көлемде есірткі затын тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кезекші бөлімге Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғынынан көшеде зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тіркелді. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы пышақ жарақаты салдарынан қаза тапқан 32 жастағы жергілікті тұрғынның жеке басын анықтады.

"Қылмысқа қатысы бар деген адамдардың барлығын тексере отырып, Шелек ПБ учаскелік инспекторлары 1991 жылы кісі өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған және ауласынан қан іздері табылған 54 жастағы Бижанов ауылының тұрғынын анықтап, ұстады. Сонымен қатар, оның ас үйінен қан іздері бар пышақ та табылды. Ұсталған адам кісі өлтіргенін толық мойындады", – дейді Еңбекшіқазақ ауданы полиция бөлімінің бастығы Талғат Сейілханов.

Оқиға орнын тексеру барысында гараждағы құрал-саймандар мен тақталардың астына жасырылған жалпы салмағы – 2 келі 570 грамм есірткі заты салынған пакеттер табылған.

Сараптама қорытындысы бойынша табылған есірткі заты “марихуана” екені белгілі болды.

Енді күдіктіге адам өлтірумен бірге, есірткіні заңсыз сақтау бойынша айып тағылды.

Айта кетейік, жақында Алматы облысында 2 жастағы сәбидің мәйіті мұздатқыштан табылған болатын.

Тәртіп сақшылары жедел түрде күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде 27 жастағы Үштөбе қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргендігін мойындады.

Сондай-ақ бұған дейін Ақтөбеде бұрынғы әйелінің бетін тіліп, аяусыз сабаған ер адамның 4 жылға сотталғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878623-almaty-oblysynda-adam-limine-katysty-kdiktiden-iri-klemde-esirtki-tabyldy/

pixel