Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ер адам бұрынғы азаматтық некедегі әйелін аяусыз сабаған

Жарияланған күні:

тұрмыстық зорлық-зомбылық 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шымкентте ер адам бұрынғы азаматтық некедегі әйелін үш кішкентай баласының көзінше өлімші етіп сабап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ журналист Гүлмира Әбіқайдың Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Facebook әлеуметтік желісінде Шымкент тұрғынының зорлық-зомбылыққа ұшырағанын баяндайтын пост пайда болды. Онда жәбірленушінің жантүршігерлік фотолары жарияланған.

Посттың астына Шымкент қаласының полиция департаменті пікір білдірген.

"Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексерудің нәтижесін қосымша хабарлайтын боламыз", – дейді полиция өкілдері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде бұрынғы әйелінің бетін пышақпен тіліп, аяусыз сабаған ер адамның 4 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік.

7 қазанда Ақтөбе қалалық сотында бұрынғы әйелінің бетін пышақпен аяусыз тіліп, өлімші етіп сабаған ер адамға қатысты қылмыстық іске үкім шықты. Ажырасып кеткен әйеліне қасақана қастандық жасаған ер адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы Сәкен Бекенов жазасын қауіптілігі орташа түзету мекемесінде өтейді. 38 жастағы ер адам бұрын сотталмаған.

Сондай-ақ бұған дейін Рудныйда екі әйелдің денесін бөлшектеп тастаған 39 жастағы ер адам өмір бойына сотталған болатын.

Судьяның сөзінше, кісі өлтіру мұқият жоспарланып, "еш шімірікпестен және сабырлылықпен" жасалған. Сотталушының бұған дейін қасақана кісі өлтіргенін ескере отырып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878656-symkentte-er-adam-bryngy-azamattyk-nekedegi-jelin-aausyz-sabagan/