Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көпір үстінде қауіпті трюк жасаған ер адам елді шошытты (видео)

Опубликовано:

Қауіпті трюк
Фото: Видеодан кадр

KAZ.NUR.KZ оқырмандары редакциямызға жол торабында орналасқан көпірдің үстінде қауіпті трюк жасаған ер азаматтың видеосын жолдады. Белгілі болғандай, оқиға бүгін шамамен Жандосов пен Саин көшелерінің қиылысы маңында орын алған.

Көшенің қақ ортасында өміріне қауіп төндіретін әрекеттер жасап жатқан ер адамды кептелісте тұрған жүргізушілер ұялы телефондарына түсіріп алған. Азамат көпірдің үстіне шығып, көпшіліктің көзінше түрлі трюк көрсете бастаған.

Бейнежазба авторлары батылдыққа барған жігіт артқа құлап кетпекші деп ойлап, ол үшін алаңдаған. Алайда көпті өзіне қаратқан азаматта қорқыныш сезімі мүлдем жоқ сыңайлы.

Оқиғаға куә болған тұрғындардың жіберген видеосында жас жігіттің қауіпті әдісті іске асырып қана қоймай, іс-қимылын арнайы ұшатын дрон-камерамен түсіріп жатқанын байқауға болады.

Оған қоса, көпірге шығып алған азамат үстіне қара түсті әрі денесіне жабысып тұратын киім киіп алған. Қауіпті трюк жасаған ер адамның кім екені және бұл әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Семейде дәретханаға түсіп кеткен телефонын алмақ болған адам шұңқырға құлап кеткенін хабарлаған болатынбыз. ТЖ қызметкерлері оқыс оқиғаға тап болған ер азаматты дер кезінде құтқарып алды.

Оған қоса, еліміздің солтүстігіндегі бір қала карантинге жабылып қалды. Бүгіннен бастап Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында қатаң шектеу шаралармен қатар, кіруге және шығуға тыйым салынған карантин енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878767-almatyda-kpir-stinde-kauipti-truk-zasagan-zigit-eldi-sosytty-video/

pixel