Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында інісі туған ағасының сейфінен 12 млн теңгесін ұрлап кеткен

Жарияланған күні:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қызылорда облысында туған ағасының сейфте тұрған 12 миллион теңге ақшасын ұрлап кеткен ер адам қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Шалқия ауылында тіркелген. Ауыл тұрғыны аудандық полиция бөліміне үйінен қомақты көлемде ақша ұрланғаны жөнінде арыз түсірген

Көп ұзамай полицейлер қылмыс жасаған адамды ұстады. Ол арыз берген азаматтың туған інісі болып шыққан. Күдікті - Түркістан облысының тұрғыны, бұрын сотты болған.

"Тексеру жұмыстары барысында ол туған ағасының үйіне терезе арқылы кіргені анықталды. Адамдардың жоқтығын пайдаланып, жатын бөлмеде тұрған сейфтің есігін бұзған. Сол жерде тұрған 12 млн ақшаны алып кеткен.
Қазір бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігімен (Өзінше билік ету) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазір оған қатысты "ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске сала кетсек, Түркістан облысының жергілікті тұрғыны тәртіп сақшыларына шағымданып, банктік шотынан заңсыз ақша аударылғанын айтқан.

Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгеннен кейін полицейлер жәбірленушінің шотынан 40 мың теңгені келіні аударып жібергенін анықтаған еді.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің шотынан ақша ұрлады деген күдікке ілінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878968-kyzylorda-oblysynda-inisi-tugan-agasyny-sejfinen-12-mln-tegesin-rlap-ketken/