jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда тағы 74 адамнан коронавирус анықталды

Фото
Көрнекі: pixabay.com

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 74 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 108 831-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 74 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 5

Алматы қаласы - 5

Шымкент қаласы - 1

Ақмола облысы - 4

Атырау облысы - 8

Шығыс Қазақстан облысы - 11

Жамбыл облысы - 3

Батыс Қазақстан облысы - 3

Қарағанды облысы - 7

Қостанай облысы - 4

Маңғыстау облысы - 5

Павлодар облысы - 6

Солтүстік Қазақстан облысы - 11

Түркістан облысы - 1

Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирусқа байланысты Солтүстік Қазақстан облысында екі аудан орталығының карантинге жабылатынын жазған едік.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Есіл ауданының орталығы Явленка ауылының аумағында 11 қазан сағат 00.00 -ден бастап кәсіпкерлік қызмет пен тұрғындарға қатысты айырықша талаптармен шектеу шаралары енгізілетінін мәлімдеген болатын.

Бұндай тиісті қаулы Мамлют ауданының орталығына да қатысты дайындалып жатқаны белгілі болған еді.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан Булаев қаласының да карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Бұл ауданда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 24 жағдайы анықталып, оның 15-і Булаев қаласында тіркелген.

Қазақстанда тағы 74 адамнан коронавирус анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.