Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Опубликовано:

Қайрат Оразбаев
Фото: facebook.com/K.Urazbayev

Атырау әкімі Қайрат Оразбаев "Antikor.Live" жобасы аясындағы тікелей эфирде өз жалақысының мөлшерін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қала басшысы "Antikor.Live" алаңында сөз сөйледі. Ол қойылған сұрақтарға жауап беріп, кейбір мәселені өз бақылауына алды. Дәл осы тікелей эфирде Атырау облысы аудандары әкімдерінің кірістері туралы ақпарат айтылды. Олар айына 755 485 теңге алатын болып шықты.

Жалақыға қатысты сұраққа Қайрат Оразбаев та жауап берді. Қала басшысы салықтар мен зейнетақы аударымдарын шегергенде қолына 380 мың теңге алғанын хабарлады.

Осыған дейін жалақыға қатысты сұраққа Қостанай қаласының әкімі де жауап берген еді. Шаһар басшысының cөзінше, ол айына 484 мың теңге алады.

Ал Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің жалақысы 766 000 теңгені құрайды, бұл қала басшысының жалақысынан 300 000 теңгедей артық.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысы ОКҚ-дағы онлайн брифингте мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюға бола ма деген сауалға жауап берген болатын.

Анар Жайылғанова шенеуніктердің санын қысқарту арқылы Президенттің тапсырмасы бойынша қалған мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын еске салған.

Алайда ол шенеуніктердің жалақысы қашан және қаншаға өсетіні туралы сұраққа жауап беруге қиналған еді. Бірақ ол ел басшылығы шешім қабылдағаннан кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға уәде берді.

"Қаншаға өсетінін қазір айта алмаймын. 2021 жылы барлық мемлекеттік органдарда факторлы-балдық шкала енгізіледі және бұл мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының өсуіне әсер етуі мүмкін. Ал лайықты әлеуметтік пакет - бұл мемлекеттік қызметкерлер алатын медициналық жеңілдіктер. Кейбір санаторийлерде демалуға мүмкіндік беріледі. Қызметкер заңды бұзбай отбасын да қамтамасыз етуі үшін әлеуметтік пакет пен лайықты жалақы бекітіледі", - деп түйіндеді сарапшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879581-atyrau-kimi-kansa-zalaky-alatynyn-ajtty/

pixel