Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантинге байланысты жаңа қаулы шықты: Алматыда неге тыйым салынды

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматының бас санитар дәрігері коронавирустың таралуының алдын алу бойынша іс-шаралар бекітілген жаңа қаулыға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Бір үйде тұратын адамдар санын есептемегенде, 10-нан астам адам жиналып отбасылық, салтанатты, еске алу және басқа да көпшіліктің қатысуымен өткізілетін іс-шараларды, банкет, үйлену той, қыз ұзату, мерейтой өткізуге салынған тыйым сақталады", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар, халыққа мәдени және ойын-сауық сипатындағы түрлі қызмет көрсететін мәдени-демалыс мекемелері:

  • караоке, кальян, бильярд, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, жабық жердегі аттракциондар, фудкорт, кинотеатрлар, ойын-сауық мекемелері жанындағы балалардың ойын алаңы мен батуттар, өзге де ойын-сауық орындары қызметіне тыйым салынған.
  • Бұдан бөлек, демалыс күндері жабық базарлар жұмыс істемейді.

Тиісті құжатқа сәйкес, барлық санитарлық талапты сақтай отырып, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері жеке ғимаратта орналасқан қоғамдық тамақтану нысандары 7.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда ұжымдық шара өткізуге болмайды. Көрсетілген уақыт аралығында жеткізу қызметі де жұмыс істейді.

"Заңды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері ұйымдық-құқықтық нысаны немесе ведомство кімге тиесілі екеніне қарамастан, қызметкерлердің кемінде 30 пайызын қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруды қамтамасыз етсін (штат кестесі 30 адамнан көп болған жағдайда)", - делінген қаулы мәтінінде.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 108 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 202-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880033-karantinge-bajlanysty-zaa-kauly-sykty-almatyda-nege-tyjym-salyndy/