Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ауыл карантинге жабылды

Опубликовано:

Қарағанды облысында ауыл карантинге жабылды
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қарағанды ​​облысы Бұқар жырау ауданының Центральное ауылында бақылау-өткізу бекеттері қойылып, карантин күшейтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Центральное ауылында мың жарымға жуық адам тұрады. Коронавирус Омбыдан келген қонақта расталған. Онымен байланыста болғандар арасында да ауру жағдайлары тіркелген.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Бұқар жырау ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Центральное ауылына карантин енгізілген. Блок-бекеттер қойылып, карантиндік аймаққа кіруге және одан шығуға тыйым салынған.

Шектеуге сай ауыл тұрғындары карантин режимін сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын дүкендерге немесе дәріханаларға баруға болады.

Карантин соңғы науқас емделіп шыққанға дейін дейін жалғасады. Шектеулерді алып тастау туралы қосымша хабарланатын болады.

Қарағанды ​​облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аймақ тұрғындарын санитарлық дәрігерлердің барлық нұсқауларын қатаң сақтауға шақырды.

Мысалы бетперде тағып, қолыңызды жиі жуып, антисептикалық құралдарды қолдану қажет, адам көптеп жиналған жерлерде арақашықтықты сақтау қажет.

Еске сала кетсек, бұған дейін эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус инфекциясының таралуына байланысты тоғыз облыста, елордада және Алматыда карантин режимі күшейтілгенін хабарлаған едік.

Айта кеткен жөн, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 143 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 766-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880671-karagandy-oblysynda-auyl-karantinge-zabyldy/

pixel