Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирус жұқтыру дерегі 1,2 есеге өсіп кеткен

Опубликовано:

медицина қызметкерлері
Көрнекі фото: ria.ru

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіі бір апта ішінде 1,2 есеге өскен. Бұл туралы ОКҚ өткен онлайн-брифингте ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық комитеттің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, алдыңғы аптамен салыстырғанда өткен аптада еліміздің 12 өңірінде COVID-19 жұқтыру көрсеткішінің өскені байқалған. Республика бойынша аурыруы өсімі өткен апталармен салыстырғанда 1,2 есеге артқан.

Жалпы алғанда, 109 766 вирус жұқтыру дерегі тіркеліп, 96% науқас айыққан. Тағы 36 мың жағдай лабораториялық түрде дәлелденбеген. Оның 78%-ы емделіп шыққан.

Есмағамбетова халықтың қырағылы төмендеп бара жатқанын, адамдар профилактикалық шараларды сақтауды тоқтатқанын атап өтті. Бір айда 45 мың нысан тексерілген. Оның сөзінше, елдің барлық өңіріндегі нысандар санитарлық талаптарды бұзып отыр. Сонымен тексерілген нысандардың Алматыда 41%-ы, Нұр-Сұлтанда 32%-ы, Алматы облысында 28%-ы ереже бұзған.

Еске салак кетсек, елімізде соңғы мәліметтер бойынша, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 143 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 766-ға жетіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін мәлімдеген болатын. Айтуынша, қазір қалада инфекцияның таралуының тәуліктегі өсімі – 0,05%.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалып жатқанын хабарлаған едік.

Алексей Цойдың айтуынша, күзгі-қысқы кезеңде коронавирустың мүмкін болған екінші толқынына дайындық мақсатында қоймаларда екі айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880790-kazakstanda-bir-apta-isinde-koronavirus-zktyru-deregi-12-esege-sip-ketken/

pixel