Ұмай-Ананың арқасы: Атыраулық келіншек 40 жасында сәби көтерді
Жарияланған күні:
Алғаш рет сәбилі болған соң, екінші баласын дүниеге әкелу біраз қиындық туғызатын жанұялар көп. Солардың бірі – атыраулық Алмагүл есімді келіншек. Тұңғышын 34 жасында дүниеге әкелген ол қайтадан құрсақ көтерерде көптеген кедергіге тап болған. Қуанышқа қарай, келіншек қайтадан сәби сүюден үмітті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Өзім 1979 жылы Атырау қаласында дүниеге келдім. Тағдырдың қалауымен болашақ жарымды кездестіріп, 2012 жылы шаңырақ құрдық. Осылайша, Орал өңіріне келін атандым. Бірақ екеуміздің де жұмысымыз Атырауда болғандықтан, осында тұрып жатырмыз. Тұрмыс құрған соң, бірден бала көтеріп, 2013 жылы қызымды өмірге әкелдім. Бұл өміріміздегі ең бақытты күн екені анық.
Күйбең тіршілік қамымен жүріп, екінші бала сүюді кейінге қалдыра бердік. Жолдасым да әке болғаны үшін шүкірлік айтып, тағы да бала керек деп мазамды алған жоқ. Өзім біраз дәрігерге көрініп, қаралым жүрсем де, жолдасым мән бермеді. Осылайша, біраз уақыттың өтіп кеткенін байқамай қалдық», - дейді келіншек.
Алмагүл мен жұбайының тағы да балалы болу туралы ойлары кейінге ығыса берді. Осы кезде жасы қырыққа жақындаған келіншек оралдық емші, Ұмай-Ана Анардың алдында барады. Бұл оның үміт отын қайта жаққан сәт еді.
«2019 жылы бала мәселесіне шындап кірісе бастадым. Инстаграм желісінен Анар туралы оқып, еш күмәнданбастан қабылдауына жазылдым. Өзімнің замандасым болғандықтан, шын сеніммен, Алладан сәби, Анардан көмек сұрадым. Бірден ем-домын қабылдап, кейін өзімнің жүкті екенімді білдім. Бірақ аз уақыттан соң сәби дамымай қалды да, дәрігерлер кішігірім ота жасады. Жазылған соң, қайтадан Анардың еміне жазылып, жақында өзімнің жүкті екенімді білдім.
Бұйырса, сәбиімді қолыма аман-есен алатын күнді асыға күтіп жүрмін. Қазір біраз отбасыда бала мәселесі бар екені анық. Қанша дәрігердің алдын көріп, қанша қаражат жұмсап жатқандар бар. Баладан ешнәрсені аямайсың ғой?! Бірақ бірден дұғасын оқып, ем-домын жасайтын Ұмай-Ана Анардың алдын көргендер тез арада Алланың қалауымен сәбилі болып жатыр. Бұл қуанышты жағдай», - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880804-maj-anany-arkasy-atyraulyk-kelinsek-40-zasynda-sbi-kterdi/