Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмысын қайта бастайтын кинотеатрларға қандай талаптар қойылады

Опубликовано:

кинотт
Көрнекі фото: pxhere.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят 26 қазаннан бастап жұмысын бастайтын кинотеатрларға қандай талаптар қойылатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ғинаяттың сөзінше, кинотеатрдың жұмысына "жасыл аймаққа" кіретін өңірлерде, эпидемиологиялық жағдайы тұрақты, ауру жағдайы жоқ аймақтарда ғана рұқсат беріледі.

Министрлік кинотеатрға барған вирустың таралуын болдырмас үшін белгілі талаптарды жасады. Олар:

  • Залдағы сыйымдылық 30 пайыздан аспау керек;
  • билетті мүмкіндігінше онлайн сату;
  • арақашықтық сақтау сақтау керек;
  • 30 минуттық сессиядар арасында залдарға дезинфекция жасау керек;
  • маска режимі сақталуы тиіс;
  • нысан ашылғанша тазалануы керек;
  • қызметкерлер көрермендердің маска режимін сақтағандарын қадағалауы тиіс;
  • кіреберісте келушілердің дене қызуы өлшенуі керек;
  • кинотеатрдағы желдету және ауа баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеуі тиіс.
"Кинотеатрлардың бәрінің жұмысын санитарлық дәрігерлер тексеріп, жекелеп рұқсат беретін болады. Егер барлық шаралар сақталса, олардың жұмыс жүргізуіне рұқсат беріледі", - деді Ажар Ғинаят.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордада кинотеатрлар қандай жағдайда ашылатынын айтқан еді.

Пірәлиеваның сөзінше, қаладағы кинотеатрлардың жұмысын қалпына келтіру эпидемиологиялық жағдайға, киноның көрсетілімі кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындығына байланысты болмақ.

Ал 19 қазанда еліміздік киноеатрлар көрермендеріне есігін қайта ашатыны белгілі болды.

Бұған дейін кинотеатр иелері кәсіптерінің құрдымға кетіп бара жатқанын айтып, дабыл қаққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880813-zmysyn-kajta-bastajtyn-kinoteatrlarga-kandaj-talaptar-kojylady/

pixel