Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда жанармай бекетінде атыс болды: 20 шақты адам ұсталған

Опубликовано:

Тапанша ұстаған адам
Көрнекі фото: pixabay.com

20 қазанда сағат 22-де полиция бөліміне Оралдағы Шолохов көшесіндегі жанармай бекетінде қару ұстаған ер адамның жүргені туралы ақпарат түскен. Атыстар естілген. Оқиға орнына тез арада тәртіп сақшылары аттанған деп жазады KAZ.NUR.KZ БҚО ПД сілтеме жасап.

Өңірдегі полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтың хабарлауынша, құқық қорғаушылар оқиғаға қатысқан 20 шақты адамды анықтап, ұстаған.

Қазір күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамау мен оларға қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр.

Тергеу "Бұзақылық" бабы бойынша жүргізілуде. Тергеудің құпиялылығына сәйкес, басқа ақпарат берілмеді.

Айта кету керек, биыл бұл өңірде 93 бұзақылық тіркелген, ал өткен жылы дәл осындай кезеңде 193 жағдай анықталған. Ауыр түрлері үшін қылмысты ашу деңгейі 100 пайызды құраған.

Еске сала кетсек, Алматы көшесінде тапаншамен жүрген ер адам ұсталғанын хабарлаған едік.

Алатау ауданы ПБ қызметкерлерінің анықтауынша, ол 1992 жылы туған азамат. Ер адам үй-күйі жоқ, ішімдікке тәуелді адам ретінде тіркелгені белгілі болған.

Сондай-ақ оның қолындағы тапанша ойыншық екені, дәл сол сәтте мас болғаны анықталды.

Сонымен бірге бұған дейін әлеуметттік желіде сөмке толы ақша мен тапанша ұстаған ер адамның видеосы пайда болған еді.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар видеоны зерттеген. Қазір Панфилов ауданының құқық қорғаушылары ролик авторы мен кадрдағы адамдарды анықтау үшін тексеру шараларын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880819-oralda-zanarmaj-beketinde-atys-boldy-20-sakta-adam-stalgan/

pixel