Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің он облысында дауылды ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Қар
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның он облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 22 қазан күні солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

22 қазан күні Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Шымкент қаласында 22 қазан күні түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 22 қазан күні оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

22 қазан күні түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде аздаған жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, әлсіз көктайғақ күтіледі. Ақтөбе қаласында 22 қазанда түнде аздаған жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, әлсіз көктайғақ күтіледі.

22 қазанда Қызылорда облысында батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

22 қазан күні Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қаласында 22 қазан күні оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында күндіз 22 қазанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында 22 қазан күні түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

22 қазан күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз 22 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 қазан күні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Өскемен қаласында күндіз 22 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Семей қаласында күндіз 22 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 қазанда Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ күтілді. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.

22 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 күтіледі.

23 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с сақталады. 23-24 қазанда кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Тараз қаласында 23-24 қазанда кей уақытта тұман күтіледі.

Күндіз 20, тәулік бойы 21, 22 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталады.

Еске салсақ, бұған дейін біз алдағы үш күнде елімізде ауа райы бұзылатынын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, елімізде биыл қыс қандай болатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880841-elimizdi-on-oblysynda-dauyldy-eskertu-zarialandy/