Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрқасын, қар, көктайғақ, жел: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы бұзылады

Опубликовано:

Ауа райы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде алдағы үш күнде күнде күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елімізде 22-24 қазан күндері қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын мол түседі.

Кей жерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Шығыста таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда апта соңында бұрқасын болуы мүмкін.

Еліміздің солтүстік және орталық аудандарында түнде ауа температурасы 5-13 аязға дейін төмендейді, ал оңтүстік өңірде 3 градус аяз болады.

Еске сала кетсек, синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мамандардың болжамына сүйенсек, жалпы 2020-2021 жылдары қыс жылы және жауын-шашын көп түседі. Ал наурыз айы жылы және жауын-шашын мөлшері аз болады.

Айта кетсек, 7 қазанда елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы қар жауды.

Сонымен бірге, Алматы қаласының таулы аймақтарына да ақ ұлпа түскен болатын.

Айта кетсек, Алматы облысында жауған қарға қарамастан асфальт төсегендер видеоға түсіп қалғанын жазған едік.

Талқыға түскен жолға байланысты Кербұлақ аудандық әкімдігі де пікір білдірген. Мекеме видеоның Шаған ауылындағы жолда түсірілгенін айтты. Ведомствоның сөзінше, 6 қазанда қысқа мерзімді қардың түсуіне байланысты орташа жөндеу жұмыстары дереу тоқтатылып, 9 қазанда қайта жалғасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880742-brkasyn-kar-kktajgak-zel-aldagy-s-knde-elimizde-aua-rajy-bzylady/

pixel