jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Алматыда автобуспен болған жол апатынан келіншек пен бала жапа шекті

Жедел жәрдем
Фото: pixabay.com

Алматыда Toyota Ipsum автокөлігі автобуспен соқтығысып, бір бүйірге аударылып қалды. Жеңіл көліктегі келіншек пен екі жасар бала зардап шекті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Анықталғандай, автобус басқа көлікпен соқтығысудан қашқанда Ipsum көлігі "қарама-қарсы жолақта" болған.

Куәгерлер Тульский көшесінен солтүстік бағытта жүрген Mercedes көлігі Шақшақ Жәнібек көшесімен қиылыста Toyota Ipsum көлігіне жол бермегенін айтады. Минивэн жүргізушісі бір жаққа бұрылса да, соқтығысып қалған.

Жол апаты
Фото: zakon.kz

Басылым жазуынша, бұдан кейін автокөлік басқаруды жоғалтып, өзін жан-жаққа лақтыра бастаған. Осылайша, қарама-қарсы жолаққа шығып, автобуспен соқтығысып, аударылған.

Ipsum көлігіндегі келіншек пен бала ауруханаға жеткізілді. Жол апаты орнында кептеліс пайда болды. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары бәрін ретке келтірді.

Айта кетейік, күні кеше оңтүстік астанада втобус бірнеше көлікті соғып кеткенін жазған едік.

Жол апатының видеосы Instagram желісіндеі kris_p_almaty парақшасында пайда болған. Кадрлардан іші бос жолаушылар автобусының бірнеше көлікті соғып барып тоқтағанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі жол апатына кінәлі. Ол қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтан шығып кетіп, автотұрақтағы көліктерге соғылған. Жаппай жол апатына қатысты Алматы қаласы полиция департаменті пікір білдірді.

"Автобусты басқарған 1982 жылы туған жүргізуші Мұстафин көшесімен солтүстік бағытта "Орбита-1" ықшамауданындағы №21 үйге қарама-қарсы тоқтаған кезде, автобустың өздігінен қозғалуына тұрақта тұрған өзге де көліктерді соғуына жол берген. Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция басқармасы аталған фактіні тіркеуге алып, тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деді Алматы полиция департаменті.
Алматыда автобуспен болған жол апатынан келіншек пен бала жапа шекті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.