Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Бүгін сағат 11.00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралады", -деп жазды Берік Уәли.

Отырыс Президент баспасөз қызметінің Facbook-тегі AkordaPress парақшасында көрсетіледі.

Айта кетейік, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен "Ақорда" резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысы өтті.

Жиында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің мүшелері: Қазақстан президентінің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес Төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабарти, мремьер-министр Асқар Мамин, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Келімбетов, сондай-ақ, шетелдік беделді сарапшылар – Андрес Веласко, лорд Френсис Мод және лорд Филлип Хаммонд баяндама жасады.

Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде ел азаматтарының тың тәсілдер мен тиімді шешімдер күтетінін, мұндай сәтте Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Президенттің айтуынша, Кеңес ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға байланысты аса күрделі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880882-tokaev-lttyk-kogamdyk-senim-keesini-trtinsi-otyrysyna-katysady/

pixel