Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы адам саудасы: Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында адам құқығын қорғаудың маңыздылығы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Президент адам құқықтарын қорғау – бұл биліктің үнемі жұмыс істейтін күн тәртібіндегі қызметі екенін атап өтті. Бұл адам саудасына қарсы күреске де қатысты.

"Бұл жерде бізде көптеген шешілмеген мәселе бар. Тіпті жағдай қиын деп айтуға болады. Адам саудасы туралы халықаралық рейтингтер мен есептерде Қазақстан нашар көрінеді. Мен бұл мәселені жолдауда ерекше атап өттім, енді бізге барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың шешуші және үйлестірілген әрекеттері қажет. Қазақстан заңнамасы халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуі керек", – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ашудың тиімділігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, адам саудасы мен мәжбүрлі еңбектің құрбаны болған барлық адамдарға, соның ішінде шетелдік азаматтарға көмек көрсету қажет.

"Мыңдаған адамның тағдыры және Қазақстанның халықаралық беделі, оның ішінде құқықтық мемлекет және прогрессивті мемлекет ретінде қабылданған шаралардың тиімділігіне байланысты", – деп қорытындылады Тоқаев.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы барысында әйелдердің басшылық қызметтердегі әлеуетін іске асыру қажеттілігі туралы айтты.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың жұмыспен қамту мәселесін көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880948-kazakstandagy-adam-saudasy-tokaev-mlimdeme-zasady/

pixel