Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы вакцина салдырған 27 адам қайтыс болды

Опубликовано:

екпе1
Көрнекі фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяда 16 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцина салдырған 27 адам қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Елдегі денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ауру профилактикасы мен бақылау орталығының дерегінше, 16 қазаннан бастап бүгінге дейін тұмауға қарсы екпе салдырған 27 адам көз жұмған.

Алғашқы өлім жағдайы Инчхон қаласында 16 қазанда тіркелген. 17 жастағы мектеп оқушысы вакцинацияан қайтыс болған. Содан кейін осындай деректер Сеулде, Кёнгидо және басқа да өңірлерде тіркеле бастаған. Қайтыс болғандардың басым бөлігі егде жастағы адамдар.

Басылымның жазуынша, тексеріс кем дегенде екі өлім анафилактикалық шокпен байланысты болуы мүмкін екенін көрсеткен. Бұл ең көп таралған жанама әсерлердің бірі.

Шиеленіскен жағдайға байланысты Корея Республикасы Медициналық қауымдастығы вакцинация бағдарламасын бір аптаға, 29 қазанға дейін тоқтата тұруды ұсынған.

Бұл халықтың алаңдаушылығын тудырған.

Алайда мамандардың айтуынша, тексеріс кезінде алты жағдайдан тұмауға қарсы екпе мен адам өлімінің байланысы анықталмапты. Сондай-ақ вакцинациялардан токсинді заттар табылмаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін ұлыбританиялық маман Патрик Валланс вакцина коронавирусты жоя алмайтынын айтқан болатын.

Ал Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау желтоқсан-қаңтар айларында басталатынын мәлімдеген еді.

Қала мэрінің айтуынша, вакцинация - пандемияға қарсы соңғы жеңіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880994-otstik-koreada-tmauga-karsy-vakcina-saldyrgan-27-adam-kajtys-boldy/

pixel