Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында сирек кездесетін жылқыны ұрлап, сойып алған (фото)

Опубликовано:

Алматы облысында сирек кездесетін жылқыны ұрлап, сойып алған (фото)
Фото: instagram.com/police_almobl

Биыл 18 қазан күні кешкі уақытта Алматы облысында учаскелік инспектор Алакөл ауданының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы Audi маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші танысына ет тасымалдап бара жатқанын айтып түсіндірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облысы ПД-нің Instagram-дағы ресми аккаунтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 18 қазанында сағат 20.00 шамасында мал ұрлығымен күрес бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында учаскелік инспектор Алакөл ауданының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы Audi маркалы автокөлігін тоқтатқан. Ол өзінің танысына ет тасымалдап бара жатқанын айтып түсіндірген.

Автокөлік салонында толығымен қасапталмаған жылқы еті болған, бұл негізді күдік тудырды. Сонымен қатар, иесі де жануарға тиесілі құжаттарды бере алмады.

Осы уақытта екі күн бұрын жоғалып кеткен жылқысы туралы арызданған Қабанбай ауылының 42 жастағы тұрғыны полицияға келіп, сойылған жылқының өзінің жайылымдық ұстауға бейімделген новоалтай тұқымды элиталық жылқы екенін сенімді түрде таныды. Бұл тұқым ірі, жоғары тірі массаға ие, өзіндік ерекше түсі бар болып келеді. Мұны басқа тұқыммен шатастыру мүмкін емес.

Ұрлық дерегі қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті толығымен әшкереленді, ол өз ісін мойындап, біріншісін сойған және екінші жылқыны жасырған жерін көрсетті.

Тәркіленгеннен кейін тірі жылқы мен сойылған малдың еті заңды иесіне қайтарылды, ол өз кезегінді полицияға белсенді қызмет көрсеткені үшін алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Күдікті ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сойылған жылқыны тасымалдау үшін пайдаланылатын автокөлік сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында күдіктінің осыған ұқсас қылмыстардың басқа деректеріне қатыстылығы тексерілетін болады.

Еске салсақ, Павлодар облысында бір отар қой бақташысыз жайылып жүріпті. Иесі малын тексеруге келгенде біреуінің жоғалғанын байқаған. Полиция қызметкерлері төрт түлікті іздестіре келе оны көршінің сорпасынан тапқан.

Оған қоса, Қызылордада ауыл тұрғындарының қойын ұрлаған барымташының қолға түскенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881040-almaty-oblysynda-sirek-kezdesetin-zylkyny-rlap-sojyp-algan-foto/

pixel