Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жанжал кезінде мұғалім қайтыс болды

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылындағы мектеп ұстаздары арасында кикілжің болып, салдарынан бір адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 22 қазан күні болған. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылында түскі мезгілде әріптестерінің үйіне жиналған мектеп ұстаздары арасында жанжал шығып, бір мұғалім қаза тапқан.

"Дене шынықтыру пәні мұғалімінің ауласында мектептің үш мұғалімі кездескен. Дене шынықтыру пәні мұғалімі мен тарихшы арасында келіспеушілік болған. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі алған дене жарақатынан қаза болды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", – дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова.

40 жастағы марқұм мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып 20 жылға жуық еңбек еткен.

Полиция қызметкерлері күдіктінің қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады. Пышақ жарақаты ер адамның бір рет кеуде тұсынан салынған.

"22 қазанда Темір аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан өз үйінің ауласынан ер адамның денесін тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көрсетілген мекенжайға дереу жедел-тергеу тобы шықты. Қаза тапқан адамның жеке басы анықталды.

Аталған факті бойынша күдікті тұлға анықталып қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚПК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді", – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Рудныйдың екі тұрғынын өлтірді деп айыпталған 39 жастағы Сергей Пахтусов өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.

Сонымен қатар елордада полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында үш адамды пышақпен жаралаған 30 жастағы тұрғынды ізін суытпай ұстаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881160-aktbedegi-zanzal-kezinde-mgalim-kajtys-boldy/

pixel