Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Опубликовано:

Жолаушылар әуежайда отыр
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ресми интернет-ресурсында жарияланды. Онда мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирустың алдын алу бойынша шараларды одан әрі күшейту туралы айтылған деп жазады ведомство сайты.

Жаңа қаулыға сай, Қазақстанға шетелден әуе рейстерімен келген барлық жолаушы ПТР әдісімен COVID-19 тестінен өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті. Анықтама мерзімі 72 сағаттан аспауы тиіс.

Ерекше жағдайлар бар.

"Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда", - делінген құжатта.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 5 жасқа дейінгі балалар үшін де ерекше жағдайлар бар. Анықтама оларды алып жүретін адамдарда анықтама болған жағдайда талап етілмейді.

Сонымен қатар, әуе компаниясы басшыларына анықтама болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызбауды тапсырды. Бұл тек шетелдіктерге қатысты.

Аталған қаулы 27 қазаннан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, бұған дейін көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов 26 қазаннан бастап Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін барлық жолаушыларда, оның ішінде Қазақстан азаматтарында коронавирусқа тапсырған тестінің анықтамасы болуы керек екенін және оның мерзімі 72 сағаттан аспау қажеттігін айтқан болатын.

Сонымен қатар Қазақстан 26 қазаннан бастап коронавирусқа қатысты жағдай нашар елдермен әуе рейстерінің санын қысқартатынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881161-elimizdi-bas-sanitar-drigerini-zaa-kaulysy-sykty/

pixel