Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 13 вагон аударылып қалды: 15 пойыздың қозғалысы тоқтатылды (фото, видео)

Опубликовано:

Жолдан шығып аударылған вагондар
Оқиға орны. Дереккөз: ҚР ТЖМ

Шымкент қаласының темір жол станциясында №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып, аударылып қалды. Оқиға түнгі 02:31 шамасында орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 24 қазанда сағат 02.31-де Шымкент қаласының темір жол станциясында 13 вагон жолдан шығып (вагондар бос, құрамында 21 вагон болған), аударылған.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына да әсер етті. Алдын ала мәліметтер бойынша 5 жолаушы және 10 жүк пойызы тоқтап тұр.

Жолдан шығып аударылған вагондар
Оқиға орны. Дереккөз: ҚР ТЖМ

Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, «ҚТЖ» АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан 3 бірлік қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.

Жолдан шығып аударылған вагондар
Оқиға орны. Дереккөз: ҚР ТЖМ

Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 бірлік техникасы, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмыс істеуде. Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін бір жолды қалпына келтіру жоспарлануда.

Жолдан шығып аударылған вагондар
Оқиға орны. Дереккөз: ҚР ТЖМ

Жолдан шығып аударылған вагондар
Оқиға орны. Дереккөз: ҚР ТЖМ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881278-symkentte-13-vagon-audarylyp-kaldy-15-pojyzdy-kozgalysy-toktatyldy-foto-video/

pixel