Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық "жеңгетай" 2004 жылғы қызды жезөкше болуға мәжбүрлеген

Опубликовано:

жезөкше
Көрнекі фото: azattyq-ruhy.kz

Алматыда жеңгетайлықпен айналысқан әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары барысында клиенттерге интимдік қызмет көрсетілетін пәтерді анықтаған.

"Пәтерде 2004 жылғы кәмелетке толмаған А.есімді азаматша болды, ол осы пәтерде интимдік қызмет көрсетіп келген.
Белгілі болғандай, Алматы облысы, Кербұлақ ауданының тумасы, 1991 жылы туған Б. есімді азаматша жезөкшелікпен айналысуға итермелеген. Қазіргі уақытта күдіктіні полиция қызметкерлері ұстады", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында Талғар қаласының 26 жастағы тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлаған едік.

Ол бұған дейін де бірнеше рет полицияға жеткізіліп, 13 рет жауапкершілікке тартылған болып шықты. Соған қарамастан, оған бас бостандығын шектеумен байланысты сот үкімі екі-ақ рет қолданылған екен.

Сонымен қатар, Алматы қаласында мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған ер адамның уақытша ұстау изоляторына тоғытылғаны жөнінде жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881308-almatylyk-zegetaj-2004-zylgy-kyzdy-zezkse-boluga-mzbrlegen/

pixel