Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 163 адам коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдықты

Опубликовано:

Тестілеу ковид 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 163 жағдайы тіркелді деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

2020 жылғы 25 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат пайда болды.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 163 жағдайы тіркелді. Оған қоса 18 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 36895, 393 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28460 жетті.

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 152 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.

Жалпы республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 110 402 адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ДДСҰ басшысы алдағы айларда коронавирус инфекциясының таралуына қатысты жағдай аса ауыр болатынын ескерткен еді. Ұйым өкілдері қараша айында жедел оқиғалар орын алып жатса, кейбір вакциналарды ұсыну мүмкін екенін жоққа шығармады.

Тедрос Адхан Гебрейесустың бұл болжамдарына көптеген мемлекеттердегі инфекцияны жұқтыру көрсеткішінің күрт өсуі себеп болса керек. Оның сөзінше, мұндай жағдай жақында денсаулық сақтау саласындағы ресурстардың тапшылығына әкеп соқтыру мүмкін.

Ол әлемдік басшыларды коронавирусты жұқтыру өсіміне жол бермеуге және қлім санын азайту үшін қажетті шараларды қолдануға шақырды. Оған қоса, ұйым басшысы мектептерді жауып тастауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881330-elimizde-163-adam-koronavirus-belgileri-bar-pnevmoniaga-saldykty/

pixel