Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны кезінде азық-түліктің шекті бағасы енгізіле ме

Опубликовано:

Супермаркет
Көрнекі фото: NUR.KZ

Сауда және интеграция министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте коронавирустың екінші толқынына байланысты күзде азық-түліктің шекті бағасын енгізу жоспарланып отырғанын жасырмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақыт Сұлтановтың сөзінше, коронавирус пандемиясы әлемдік саудаға әсер етіп отыр, сондықтан сұраныс пен ұсыныс та өзгеріп жатыр. Сауда деңгейіне шекараның жабылуы және басқа карантиндік шаралар да әсер етуде.

"Биыл коронавирустың бірінші толқыны кезінде дүрлігуді байқадық – бағаның өсуі де осы кезеңде болды. Нәтижесінде билік бағаны шектеудің нарықтық емес механизмін енгізуге мәжбүр болды. Жазда біз кейбір азық-түлік өнімдері бағасының төмендеуін көрдік", – дейді Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, пандемия басталғалы бері үкімет пен жергілікті әкімдіктер өңірлерде азық-түлік қорларын құру бойынша көп жұмыс жасады.

Сонымен қатар ірі сауда желілеріне де ресурстар бөлініп, осылайша олар өз қорларын құрған. Министрдің ойынша, мұның барлығы азық-түлік бағасының шарықтап кетпеуіне мүмкіндік беру керек.

Сонымен бірге Сұлтанов кейбір азық-түлік тауарларына көктемдегідей шекті бағаны белгілеу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Бірақ министр мұндай амал бағаның шарықтауы кезінде ғана жүзеге асырылатынын атап өтті.

"Мұндай қажеттілік туындамайды деп үміттенеміз, өйткені дүрлігудің пайда болуына негіз жоқ, тиісті қорлар бойынша жұмыс жүргізілді", – дейді сауда министрі.

Еске салсақ, бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары, органикалық өнім және техникалық реттеу департаменті директорының міндетін атқарушы Сәуле Жұрынова Қазақстанда азық-түлік тауарларының өндірісі тоқтамайды және еш тапшылық күтілмейтінін айтқан еді.

Оған қоса, бірнеше ел коронавирустың екінші толқынына дайындалып, азық-түлік қорын молайтып жатқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881493-kazakstanda-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-kezinde-azyk-tlikti-sekti-bagasy-engizile-me/

pixel