Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО басшысы ұлына той жасаған ауыл әкімі туралы: Мұндайларға мемқызметте орын жоқ

Жарияланған күні:

Ауыл әкімі ұлының тойы БҚО
Ауыл әкімі ұлының тойы. Кадр видеодан алынды: Әлеуметтік желі

Мониторингтік топ өкілдері Батыс Қазақстан облысының әкіміне жергілікті мейрамхана иелерінің жауапкершіліктен қашудың жаңа схемасын қолданып жатқанын мәлім етті. Бұзушылықтарды тіркеу үшін тексерушілер бизнес-нысандардың есіктерін ашуға рұқсат сұрады. Сондай-ақ аймақ басшысы Оралдағы мейрамханада ұлына той жасаған ауыл әкіміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша шаралар күшейтілді. Шамамен 140 мониторингтік топ жұмыс атқаруда.

"Мониторингтік топтар салтананатты жиын өткізіліп жүрген жерлердің барлығын қамтуға тырысуда. Қазіргі кәсіпкерлер көпшілік іс-шараларды жалғастырудың және жауапкершіліктен қашудың жаңа схемаларын енгізуде.
Автокөліктерді мейрамханадан алысырақ жерге қалдырады, ішінде не болып жатқанын көрсетпеу үшін терезелер перделермен жабылады", – дейді мониторингтік топтың жетекшісі.

БҚО әкімі қадағалаушы органның басшылығынан аталған жағдайға пікір білдіруін сұрады.

Облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев полицейлердің қылмыстық немесе әкімшілік заңбұзушылықтар орын алған ғимараттарға кедергісіз кіруге өкілдіктері барын жеткізді.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы Ақжайық ауданының ауыл әкімдерінің бірі ұйымдастырған тойға қатысты да пікір білдірді.

"Мұндай адамдарға мемлекеттік қызметте орын жоқ. Әкім аппараты бұл істі бақылауға алады", – деді БҚО әкімі.

Еске салсақ, жақында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісовтің мейрамханада ұлының үйлену тойын жасағаны туралы хабарлаған едік.

Бұған наразы болған тұрғындар әлеуметтік желіге тойдың видеосын жариялаған.

Сондай-ақ бұған дейін Маңғыстау облысында карантин талаптарын бұзып, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының туған күніне қатысқан мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жазаға тартылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881593-bko-bassysy-lyna-toj-zasagan-auyl-kimi-turaly-mndajlarga-memkyzmette-oryn-zok/