RU

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 142 адамнан коронавирус анықталды

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Donato Fasano/Getty Images

Елімізде өткен тәулікте тағы 142 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 26 қазанындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 142 жағдай тіркелді.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 20

Алматы қаласы - 10

Шымкент қаласы - 1

Ақмола облысы - 12

Ақтөбе облысы - 2

Алматы облысы - 5

Атырау облысы - 5

Шығыс Қазақстан облысы - 30

Жамбыл облысы - 3

Батыс Қазақстан облысы - 9

Қарағанды облысы - 10

Қостанай облысы - 7

Маңғыстау облысы - 3

Павлодар облысы - 14

Солтүстік Қазақстан облысы - 11

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 110 684-ке жетті.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтандағы №1 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының жоғары санатты педиатры Әсел Шаймердинова коронавирустың балаға тигізетін зардаптары туралы айтып берген болатын.

Оған қоса, мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдады.

Кездесу барысында үкімет басшысы президентке санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндаған.

Мамин президентке еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың бақылауда екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881596-kazakstanda-tken-tulikte-tagy-142-adamnan-koronavirus-anyktaldy/