RU

АҚШ ғалымдары коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын болжады

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ ғалымдары коронавирустың осы қыста өрши түсетіні туралы ескертті деп хабарлайды live24.ru.

Сарапшылардың пікірінше, аурудың қайта өршуі бірден бірнеше фактормен байланысты болады. Біріншіден, суық мезгіл адамдарды желдетуі нашар жабық бөлмелерде көбірек уақыт өткізуге мәжбүр етеді.

Одан бөлек, зерттеушілер коронавирустың таралуына қолайлы жағдай туғызатын құрғақ ауаны, суықты және күн сәулесінің жетіспеушілігін сөз етуде.

Калифорниядағы Стэнфорд университетінің микробиологы Дэвид Релманның айтуынша, COVID-19 қыста өрши түседі. Сондықтан адамзатты өте қиын айлар күтіп тұр деп болжады маман.

Ғалымдардың пайымдауынша, қыста коронавирустың екінші толқынын болдырмау үшін қатаң алдын-алу шараларын қолдану қажет болуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің Сауда және интеграция министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте коронавирустың екінші толқынына байланысты күзде азық-түліктің шекті бағасын енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын.

Оған қоса, бірнеше ел коронавирустың екінші толқынына дайындалып, азық-түлік қорын молайтып жатқаны туралы белгілі болды.

Мәселен Иордания бидайдың рекордты қорын жинап қойған. Ал Мысыр сәуірден бастап сатып алуды 50%-ға арттырған. Мемлекеттер коронавирус порттарды, жеткізілімдерді және әлемдік сауданы бұзады деген қорқыныштан қорғануға тырысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881606-aks-galymdary-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-kasan-bastalatynyn-bolzady/