Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда Болат Назарбаев қорының көмегімен жаңа мешіт бой көтерді (фото)

Опубликовано:

Мешіт
Фото: gov.kz

Талдықорған қаласында жаңадан салынған "Тәубе" мешіті ашылды деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аталмыш мешіт Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының көмегімен бой көтерген.

23 қазан күні болған мешіттің ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов, "Салиқалы ұрпақ" қорының құрылтайшысы Болат Назарбаев, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елімізде жыл сайын мешіттер саны көбейіп жатқанына назар аударып, көпшілікті жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

Мешіт
Фото: gov.kz

Облыс әкімі Амандық Баталов болса, қалалықтарға ізгі тілегін арнап, жаңа мешіттің тұрғындарға рухани азық беретін құтты мекен болатындығына сенім білдірді. Ол мешіттің құрылысына қолдау көрсеткен "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорына барша Жетісу жұртшылығы атынан алғыс айтты.

Мешіт
Фото: gov.kz

Аталмыш қордың директоры Қасым Қасабеков және басқа да азаматтар қуанышқа ортақтасып, игі тілектерін жаудырды. Шара барысында Құран оқылып, дұға бағышталды.

Айта кетейік Талдықорғандағы Үшінші бөлімше шағын ауданында орналасқан "Тәубе" мешітінің құрылысы осыдан екі жыл бұрын 2018 жылы басталған еді. Мешітке 1200 адам сияды.

Еске салсақ, бұған дейін біз Алматыда жаңа зәулім мешіт бой көтергенін жазған едік.

Одан бөлек, Әбдіжаппар Әлқожа ауыл тұрғындарына арнап, өз қаржысына мешіт салып бергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881642-taldykorganda-bolat-nazarbaev-koryny-kmegimen-zaa-mesit-boj-kterdi-foto/

pixel