Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түнгі көрсетілімдер болмайды": Алматыда кинотеатрлар ұзақ үзілістен кейін қалай жұмыс істемек

Опубликовано:

Кино
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 26 қазаннан бастап кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берген болатын. Осы орайда мамандар жарты жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған кинотеатрлардың қалай жұмыс істейтінін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, Бекшиннің қаулысына сәйкес 26 қазаннан бастап оңтүстік астанада кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілсе де, бүгін 27 қазанда көптеген кинотеатр жабық болған.

Белгілі болғандай олардың көпшілігінде дайындық жүріп, дезинфекциялық шаралар атқарылып жатыр екен.

"Қазір біз дистрибьюторлардан фильмдердің толық сеансын күтіп отырмыз. Әрине, эпидахуалға байланысты түнгі көрсетілімдер болмайды. Адамдар шахматтық тәртіпте отырады. Ресми ашылу ертең болады. Бүгін залдар толық кварцталады. Біздің залға адамдар орталық универмаг жағынан кіретін болса, енді жеке кіреберістен кіретін болады", - деді қаладағы ірі кинотеатрлардың бірінің басқарушысы Юлия Вебер.

Кинотеатрлар желісінің PR директоры Ерлан Бұқарбаевтың сөзінше, билет құны өзгермеген. Дегенмен кинотеатрларға билетті әзірге онлайн сатып алуға тура келеді.

Маманның айтуынша, кірген кезде күзетшілер келушілердің маскасын тексереді, температурасын өлшейді. Егер адамда маска болмаса, оған қызметкерлер жаңасын береді.

"Кинотеатрлар жұмысы 10:00-22:00 аралығында болады. Залдар 30 пайызға толған кезде есік жабылады. Билет құны өзгерген жоқ. 1000-3000 тг аралығында болады", - дейді Ерлан Бұқарбаев.

Ал отбасымен келген көрушілерді отырғызу тәртібін әкімшілік шешетіні айтылды.

Еске сала кетсек, ел аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 26 қазаннан бастап кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат берген болатын.

Дегенмен 26 қазанда тек Атырау мен Ақтауда ғана кинотеатрлар жұмысын қайта бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881791-tngi-krsetilimder-bolmajdy-almatyda-kinoteatrlar-zak-zilisten-kejin-kalaj-zmys-istemek/

pixel