Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Опубликовано:

Бетперде1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жамбыл облысында карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Мұндай шешім өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың біршама тұрақталуына байланысты қабылданды деп хабарлайды "Хабар 24".

Аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 27 қазаннан бастап тұрғындарға көшеде еркін жүріп-тұруға рұқсат берілген.

Бұған дейін жұртқа түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін жүруге тыйым салынған еді.

Сондай-ақ мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарына сағат түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Бильярд, кальян, компьютер және түнгі клубтарды қоспағанда, өзге ойын-сауық орталықтары мерекеде және жексенбіден басқа күндері ашық болады.

Мал базарларына жұмыс істеуіне де рұқсат беріліп отыр.

Базар іші сыйымдылығына қарай 50 пайыздан артық толмауы тиіс.

"Бұл Жамбыл облысындағы COVID-19 індетінің эпидемиологиялық жағдайына байланысты. Осы соңғы аптада 20-26-ы аралығында лабораториямен расталған 20 жағдай ғана тіркеліп отыр. Репродуктивті көрсеткіш бірге жетпегендіктен осындай жеңілдету шаралары енгізілді", - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекші маманы Гауһар Макуетова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында жаңа шектеу шаралары енгізілгені хабарланған еді.

Шектеу шараларына сай, облыс тұрғындарына кешкі сағат 23:00 мен таңғы 06:00 аралығында жүріп-тұруға шектеу қойылған болатын.

Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына таңғы 6-дан кешкі 22:00 дейін ғана рұқсат берілген болатын.

Сондай-ақ Таразда карантинге қарамастан жасырын той жасайтындардың тыйылмай тұрғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881800-zambyl-oblysynda-karantindik-sekteuler-zeildetildi/

pixel