Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар Калачи ауылындағы "ұйқы ауруының" құпиясын ашуға шақ қалды

Опубликовано:

Калачи
Фото: pkzsk.info

Назарбаев Университетінің ғалымдары Калачи ауылындағы тұрғындардың "ұйқы ауруына" тап болып келуі судың химиялық заттармен улануы салдарынан болуы мүмкін деген болжам жасады деп жазады Egemen.kz.

Аталмыш ауылда тұрғындардың ұйқыға кету себептерін ұзақ уақыт зерттеп жүрген профессор-эпидемиолог Байрон Крэйп бастаған Назарбаев Университетінің ғалымдар тобы 2012 жылдың аяғы мен 2015 жылдың қазаны аралығында ауыл тұрғындарының неге кенеттен ұйқыға кеткенінен қатысты өз болжамдарын жасады.

"Калачи синдромын зерттеуде біз модельдеудің ғылыми әдісін қолдандық, оның мақсаты заңдылықтарды табу. Біз "ұйқы ауруымен" ауыратындар мен ауырмағандар арасындағы айырмашылық неде екенін егжей-тегжейлі зерттедік. Ұзақ жасалған талдау барысында біз аурудың тамаққа, созылмалы ауруларға немесе ауыл тұрғындарының зиянды әдеттеріне байланысты болуы мүмкін деген ондаған гипотезаларды жоққа шығардық. Бірақ содан кейін біз Калачидің барлық тұрғындары суды бір көзден - оны сорып, ауыл тұрғындарына сататын жергілікті тұрғынның жер асты сорғысынан ішетінін білдік. Әрине, су ақшаға сатып алынды, сондықтан үй жануарларына бұл су берілмеді. Жануарлар өзен суын ішті, бұл олардың неге ұйықтамағанын түсіндіреді", – деді профессор Крейп.

Нәтижесінде зерттеушілер су химикаттармен уланған болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Адам ағзасының химиялық интоксикациясы Калачи тұрғындары сипаттаған белгілерге ұқсас. Нақтырақ айтсақ, бас айналу, әлсіздік, "мас болу" және тіпті галлюцинация сияқты белгілер уланудан болуы мүмкін екен.

"Химикаттар ауыз судың құрамына, мысалы, 80-ші жылдардың аяғынан бастап бос қалған уран кеніштері арқылы түсуі мүмкін. Әскерилер химиялық қалдықтарды тастауы мүмкін, кен орындарын стихиялық қоқыс жинау орындары ретінде қолданылуы мүмкін. Онда химиялық қару жасалып, жеке химикат-қалдықтар жерге көмілген болуы мүмкін", - дейді профессор Крейп.

Ғалымдар жақын маңдағы уран кеніштерінің біріне түсу арқылы болжамын растау мүмкін екендігін алға тартты. Алайда кенішке түсу өте қауіпті, ескі кен орны кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін екен.

Сол себепті, зерттеушілер Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық гылымдар мектебімен бірлесіп арнайы ұшқышсыз ұшақ жасап, сынамалар алу үшін аппаратты уран кен орындарына түсірмек.

Алайда, бүгінде Калачи ауылында "ұйқы ауруы" бойынша зерттеу жұмыстары коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылып қалған.

Еске салсақ, бұған дейін біз семейлік ғалымдар Калачи ауылындағы «ұйқы ауруын» зерттеуге кіріскенін жазған едік.

Одан бөлек, кезінде Калачи ауылында ұйқы қысып есінен танғандардың саны еселеп артқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881837-galymdar-kalaci-auylyndagy-jky-auruyny-kpiasyn-asuga-sak-kaldy/

pixel