RU

Ауқымды техникалық ақауларға байланысты Kaspi.kz істен шықты

Каспи банкте техникалық ақау пайда болды
Көрнекі фото: facebook.com/Kaspi.kz

Бүгін, 28 қазан күні Kaspi.kz төлемдер жүйесінде ауқымды техникалық ақау орын алды. Қазір клиенттерге қаржылық операциялар, атап айтқанда, ақша аудару, шоттағы ақшаны алу немесе толықтыру, банк карталарымен төлем жасау қолжетімсіз деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Одан бөлек, банктің көптеген клиенттері шоттағы ақша қалдықтары дұрыс көрсетілмегенін айтып, шағымданып жатыр. Бірінде мобильді қосымша аз сома көрсетсе, енді бірі мүлдем "минусқа кіріп кеткен".

NUR.KZ редакциясы келеңсіз жағдайға байланысты ресми пікір алу үшін Kaspi.kz әкімшілігіне жүгінді. Банкте қазір мамандар техникалық ақаудың себептерін анықтаумен және оларды жоюмен айналысып жатқанын мәлімдеді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1881852-aukymdy-tehnikalyk-akaularga-bajlanysty-kaspikz-isten-sykty/