Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда COVID-19 белгілері бар пневмония жұқтырғандар көбейді

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: Artyom Geodakyan\TASS via Getty Images

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар 274 пневмония жағдайы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 274 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 68 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 37 205, 396 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 616-ға жетті.

Статистика
Фото: t.me/DenMinPR

Өткен тәуліктегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратқа сәйкес, стационарларда 2 267 науқас жатыр.

"Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 114 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 275 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 267 науқас жатыр. 847 адам амбулаториялық жағдайда емделуде",– делінген ресми хабарламада.

Жалпы науқастардың арасында 126 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске салсақ, Қазақстанда өткен тәулікте 148 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Осылайша ел бойынша ауру жұқтырғандардың жалпы саны 110 832-ге жетті.

Айта кетейік, осыған дейін Петропавл қаласының 75 жастағы тұрғыны Нина Савчукты бірнеше рет ауруханаға жатқызудан бас тартқанын хабарлаған едік.. Егде жастағы тұрғынды онда қан аралас жөтел пайда болғанда ғана ауруханаға жеткізген. Әжейдің туыстары аймақта егде жастағы адамдарды ауруханаларға жатқызбау туралы жазылмаған ереже бар екеніне сенімді. Жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881857-kazakstanda-covid-19-belgileri-bar-pnevmonia-zktyrgandar-kbejdi/

pixel