Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлап, күркеде ұстаған": ШҚО-да 16 жылға сотталған өгей әке ақталып шықты

Жарияланған күні:

Кішкентай балаларды зорлау
Көрнекі фото: ptzgovorit.ru

Шығыс Қазақстан облысында екі кішкентай баланы зорлады деп айыпталған азамат 16 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Дегенмен, кейінірек сот істі қайта қарап, сотталушы ақталып шыққан.

Болжалды педофилдің құрбаны - 4 жасар өгей қызы мен 9 жасар өгей ұлы деп жазады "Астана" телеарнасы.

Тергеу мәліметінше, өгей әкесі кішкентай қызды ағасының көз алдында қинаған. Ал баланы ұрып, ит күркесіне қамап қойған. Мұндай қорлыққа шыдамаған жеткіншек хат қалдырып, үйден қашып кеткен.

Ол табылған соң деректер расталып, балалардың анасы бірден полицейлерге жүгінген. Көп ұзамай күдікті азамат қолға түскен.

Өз кезегінде балалар анасымен бірге тұратын ер адам қандай қорлық көрсеткенін айтып берген. Олардың сөзін растайтын сараптама нәтижелері де бар. Көп ұзамай сотталушы кінәсін мойындап қана қоймай, өз әрекеттерін егжей-тегжейлі баяндап берген.

Кейінірек сотталушының туыстары жаңа адвокат жалдап, ал күдікті өз сөздерінен бас тартқан. Апелляциялық соттың алқабилер соты қорғаушы дәлелдерін сенімді деп санап, азаматты ақтап шығарған.

Телеарна ақпарынша, сотқа журналистер мен құқыққорғау ұйымдары қатыспаған.

Облыстық сот барлық инстанцияның түпкілікті шешімі қабылдағанға дейін алқабилердің үкіміне түсінік беруден бас тартқан.

" Сот қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен жабық сот отырысында қарады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады ШҚО соты баспасөз қызметінен.

"Не молчи" қорының өкілдерінің айтуынша, бұл алқабилер сотының педофилияға күдікті азаматтарды ақтап шығарған бірінші жағдай емес. Қоғам белсенділерінің мәліметінше, Қазақстанда айыптау үкіміне дейін мұндай істердің тек 3 пайызы ғана жетеді.

"Бұл қалай сонда? Мүмкін емес қой. 11 алқаби айыптау үкімін шығарып, 16 жылға соттайды. Ал екінші алқабилер соты толығымен ақтап шығады. Сонда барлығы бір-бірін танитын кішкентай қалада алқабилер сотын жинасақ, объективтілікті күте алмайды екенбіз ғой. Менің пікірімше, біздің қоғам алқабилер сотына қатысуға дайын емес", - дейді қор жетекшісі Дина Смаилова.

Құқыққорғаушыларды көптеген ұйым қолдап отыр. Қор аталған қылмыстық істің шешіміне назар аударуға парламент мәжілісі депутаттары мен балалар омбудсменін шақырды.

Айта кетейік, осыған дейін Байқоңырда 7 жасар қыз баланы зорлаған педофил қолға түскенін жазған едік.

Жалпы елімізде жыл басынан бері кәмелет жасқа толмаған 550 бала педофил құрбаны болыпты. Олардың дені 14 жасқа толмаған қыз балалар екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882014-zorlap-krkede-stagan-sko-da-16-zylga-sottalgan-gej-ke-aktalyp-sykty/