jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Өзенге ағып кеткен итті құтқарып қалған алматылық ер адам жұртты тәнті етті (видео)

Жігіт
Скриншот: almatykz

Алматы өзендерінің бірінде суға батуға шақ қалған итті құтқарған ер адамның видеосы желіде тарауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Instagram желісінің almatykz парақшасында жарияланған бейнероликтің кадрларынан белгісіз адамның бетон жақтаудың бойымен өзенге қарай түскені байқалады.

Ол суға батуға шақ қалған итті шығаруға тырысамын деп тізесіне дейін суға батып кетеді. Десе де, райынан қайтпаған азамат итті ақырында құтқарып, өзеннен алып шыққан.

Видеоны жариялаған Ольга Горинская есімді әйелдің айтуынша, видеодағы азамат - оның күйеуі.

"Менің батырым, оның әлемдегі ең жақсы адам екендігіне ешқашан күмәнданбағанмын. Бірақ бүгін мен бұған тағы бір рет көз жеткіздім. Шынымды айтсам, мен мұздай суға бейтаныс адамның иті үшін түспес едім. Бәлкім иесінен көз жазған ит қиындыққа тап болған шығар. Менің Виталийім - әлемдегі ең шынайы, ең керемет, ең мінсіз жан. Атақ-даңқ үшін репост сұрамаймын. Өзгелер мұндай жағдайда не істейтінін бірсәт ойланғанын қалаймын", - дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Нидерланд елінің тұрғындары күйзелістен арылу үшін сиырды құшақтауды ұсынып жүргенін жазған едік.

Одан бөлек, анасын емханаға күнде арқалап апаратын ұлы мен оның әкесі көптің жүрегін елжіреткенін жазған болатынбыз. Жеке көлігі де жоқ отбасы тау-тасты жаяу кезіп, әйелді бамбук таяқшасының көмегін арқалап тасуға мәжбүр.

Өзенге ағып кеткен итті құтқарып қалған алматылық ер адам жұртты тәнті етті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.