Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар "Боратқа" қарсы пикет өткізді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Борат пикет
Фото: NUR.KZ

Алматылықтар АҚШ-тың Бас консулдығының жанында "Борат" фильміне және оның екінші бөліміне қарсы пикет өткізді. Белсенділер Америкада екі фильмнің де көрсетілуіне тыйым салуды талап етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұйымдастырушылар наразылық білдіру үшін өздерімен бірге "Біздің Ту! Біздің Елтаңба! Біздің игілігіміз!" ("Наш Флаг! Наш Герб! Наше достояние!"), "Құлап жатып сүрінгенге күлме" ("Падая, не смейся над споткнувшимся"), "Америкада тұратын қазақтарды қорлау тоқтатылсын" ("Stop racism and discrimination against Kazakhs living in the USA") деген сынды үш тілде түрлі жазулары бар плакаттарды алып келген.

Борат пикет
Фото: NUR.KZ

Сонымен қатар олар консулдық орналасқан ғимаратқа "Америкаға апарып, Отанына жерлеңіздер" деген жазумен пенопласттан жасалған табытты да алып келген.

Оның ішінде Бораттың суреті орналасқан. Сурет америкалық жалаумен жабылған.

Борат пикет
Фото: NUR.KZ

Борат пикет
Фото: NUR.KZ

Осыдан кейін еліміздің әнұраны орындалды. Пикетте болған қала әкімдігінің өкілдері жиналғандарға іс-шара туралы алдын ала хабарлау қажет екені туралы түсіндірді. Белгілі болғандай, пикетке рұқсат берілмеген.

Борат пикет
Фото: NUR.KZ

Қатысушылар Боратты жерлеу рәсімі түрінде флешмоб ұйымдастырды және осындай шараны келесі сейсенбіде Ұлыбритания консулдығының жанында өткізетіндерін айтты.

Сонымен қатар пикетке қатысушылар "Борат-2" фильмінің АҚШ-та көрсетілуіне қарсы петицияға қол қойды. Егер фильмді көрсетуге тыйым салынбаса, белсенділер нәсілшілдік пен кемсітушілік фактісін анықтау үшін сараптама жүргізіп, содан кейін халықаралық сотқа жүгінетіндерін қоса кетті.

Борат пикет
Фото: NUR.KZ

Еске салсақ, бұған дейін "Борат" фильмінің режиссері әрі басты рөлді сомдаған актер Саша Барон Коэн не себепті Қазақстанды фильмге арқау еткенін түсіндіріп, мәлімдеме жасаған еді.

Сонымен қатар Варшава қаласында оқитын қазақстандық студент көшеден атышулы фильмді жарнамалаған бір топ жалаңаш ер адамды көргенін, алайда ештеңе істей алмағанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882085-almatylyktar-boratka-karsy-piket-tkizdi-foto-video/