Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім тікелей қадағалаймын": Тоқаев еліміздегі жаңа реформалар туралы айтты

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия мен дағдарыс Қазақстанның алдына жаңа міндеттер қойып отырғанын айтты. Сондықтан мемлекет елімізде бизнес жүргізудің шарттарын жүйелі түрде жақсартуды жалғастыра береді деп хабарлайды Ақорда.

Президент тапсырмасы бойынша сапалы жаңа реттеушілік жүйе әзірлене бастады.

Қолданыстағы барлық бақылау-қадағалау, рұқсат беру және басқа да реттеуші құралдарға үлкен әрі нақты тексерулер жасалады.

"Біз құқық қорғау және сот жүйелерін реформалауды бастадық. Реформа жедел, ашық және тиімді болуы тиіс. Бұл жұмысты өзім тікелей қадағалаймын. Мұндай күрделі, жабық жүйелерді, оның ішінде, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып өзгерту қажет. Сондықтан «Атамекеннен» нақты ұсыныстар күтемін. Құқық қорғау органдарының барша қызметкерлері, инспектордан бастап генералға дейін елімізде қолайлы бизнес ахуалды қалыптастыру жұмысының толыққанды қатысушылары екендерін сезінулері тиіс", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық компанияларды белсенді түрде сыртқы нарықтарға шығуға шақырды. Үкіметке Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп экспорттық әлеуеті бар салалар мен кәсіпорындарды анықтау тапсырылған.

Мұндай жобаларға қаржыландыру жеңілдігі, экспорттық қолдау тетіктері, заттай грант беру секілді кешенді қолдау шаралары көрсетіледі. Қазақстан келер жылы шикізаттық емес экспорттың көлемін 29 миллиард долларға дейін арттыруды көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысқаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882206-zim-tikelej-kadagalajmyn-tokaev-elimizdegi-zaa-reformalar-turaly-ajtty/

pixel