Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да зейнеткердің шкафынан 18 миллионнан астам теңге ұрланды

Опубликовано:

Ақша доллар
Көрнекі фото: piqsels.com

Бірнеше күн бұрын аудан орталығының 65 жастағы тұрғыны Риддер қаласының полициясына өзінің шкафта сақтаған ірі көлемдегі ақшасы ұрланғаны туралы арызбен жүгінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Шығыс Қазақстан облысының ПД-ға сілтеме жасап.

Тұрғын оның үйіне белгісіз біреу кіріп, шкафтан ақша ұрлап кеткенін айтқан. Сөздерінше, ол 18 миллионнан астам теңгені шетел валютасында сақтапты.

Зейнеткердің үйі бейнебақылау камераларымен жабдықталмауы құқық қорғау органдарының жұмысын қиындатты.

Тексеру нәтижесінде ұрының тұрғын үйге иесі жоқ кезде пластикалық терезе арқылы кіргендігі көрсетілген.

ШҚО ПД және Риддер қаласының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні бірнеше күн бойы іздейді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары ұрлықты бірден мойындаған жергілікті тұрғынды ұстады.

"Тергеу барысында бұрын сотталған, жұмыссыз, Риддер қаласының 41 жастағы тұрғыны күндіз үйге жасырын түрде кіріп, жатын бөлмесіндегі шкафтан шетел валютасымен сақталған 18 миллион теңгеден астам ақшасы бар сөмкені ұрлап кеткені анықталды", – деді ШҚО ПД басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Ұсталған азамат полицияға ұрлық жасағаннан кейін ақшаның бір бөлігін оңаша жерде жасырып, оның бір бөлігін облыс орталығына алып кеткенін, содан кейін Семейдегі досына қарай бағыт алғанын мәлімдеді.

Тәртіп сақшылары күдіктінің пәтерін тінтті. Ол жерден ұрланған ақшаның көп бөлігі, сондай-ақ осы қаражатқа сатып алынған қымбат смартфондар, киім-кешектер мен алтын заттар табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам Риддер қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салсақ, Өскеменде жас жігіт бір пәтерге екі рет ұрлыққа түсіп, бағалы заттар мен бір жасар торайды алып кеткені туралы жазған едік.

Оған қоса, Түркістан облысында күдікті мешітке ұрлыққа түсіп, қайырымдылық жәшіктерін тонап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882239-sko-da-zejnetkerdi-skafynan-18-millionnan-astam-tege-rlandy/

pixel