jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Отандық дәрігерлер пандемияда бала сүюді жоспарламай қоя тұруға кеңес берді

Жүкті әйел
Көрнекі фото: health.24tv.ua

Еліміздегі ақ халаттылар коронавирус кезінде жас отбасыларға бала сүюді жоспарламай қоя тұруға кеңес берді деп хабарлайды КТК арнасы.

Коронавирус дертін жұқтырған жүкті әйелдер арасында түсік тастау мен ерте босану жағдайлары жиілеген. Әлемдік статистикаға сенсек, дертті жұқтырған жас аналардың 20 пайызы уақытынан бұрын босанып қалуда. Сол себепті, осындай қиын кезеңде дәрігерлер бала сүюді жоспарламай қоя тұруға кеңес беруде.

"Жас отбасы бала сүюді келесі жылға шегере тұрғаны абзал. Себебі, аяқ астынан коронавируспен ауырып қалса, қауіпті індет ұрпағына қалай әсер ететіні белгісіз. Ал 35-40-қа келіп қалғандарға жүктілікті шегерудің қажеті жоқ. Онсыз да жасы ұлғайып барады. Бірақ жеке бастың тазалығын сақтап, көшеге шықпай, қоғамдық орындарға бармай, сәби өмірге келгенше сақтанып жүру керек", - дейді Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

Сол арада коронавирус кезінде елімізде демографиялық өсім азаюы мүмкін деп болжануда. Себебі, дерт ер адамның бала сүю мүкіндігін бәсеңдететін болып шықты. Коронавируспен ауырған жігіттердің басым көпшілігінде ұрық болмайды дейді дәрігерлер.

Мәселен, Алматыдағы репродукциялық орталыққа келіп ем қабылдап жүрген үш жігіттің шәуеті азайып қалған. Өйткені үшеуі де бұған дейін коронавируспен ауырыпты. Алайда мамандар ерлердің ұрығы 75 күн сайын жаңарып отырады дейді. Сондықтан COVID-19-бен ауырғандар үш айға дейін ғана бала сүю мүмкіндігінен айырылады деген болжам бар.

Еске салсақ, бұған дейін біз АҚШ дәрігерлері коронавирус дерті ер адамның әуретті жерін зақымдауы мүмкін деген болжам жасағанын жазған едік.

Одан бөлек, канадалық бас дәрігер коронавирус індетін жұқтырмау үшін төсек қатынасы кезінде бетперде тағуды ұсынғанын жазған болатынбыз.

Отандық дәрігерлер пандемияда бала сүюді жоспарламай қоя тұруға кеңес берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.