Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында КВИ-мен күреске бөлінген ақшаны ұрлады деп күдіктелгендер кімдер

Жарияланған күні:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Онлайн-брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысында коронавируспен күреске бөлінген бірнеше миллион теңгенің ұрлануы бойынша тергеу жүріп жатқанын жариялады. Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Жамбыл облысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты медициналық өнімді өсірілген бағамен сатып алу арқылы пандемиямен күресуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде", – деді спикер.

Күдіктілердің әрекеттерінен келтірілген шығын 8,7 млн ​​теңгені құрады, деп қоса кетті агенттікте.

Еске салсақ, "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК-ны басқаратын Нұрлан Сбанов жарты миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Сбановқа қатысты наразылық Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметінен туындаған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында 27 млн теңге жымқырды деп күдіктелген мемлекеттік бөбекжай-бақшаның меңгерушісі мен бухгалтеріне сот үкімі шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882307-zambyl-oblysynda-kvi-men-kreske-blingen-aksany-rlady-dep-kdiktelgender-kimder/