RU

Қазақстанда зейнетақы жүйесін өзгерту жоспарланып отыр

Зейнеткер
Көрнекі фото: vse42.ru

Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы туралы президент Жарлығының жобасы "Ашық НҚА" ресми порталында пайда болды. Жобаны қоғамдық талқылау осы жылдың 12 қарашасына дейін жалғасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сайтта жарияланған деректерге сәйкес, зейнетақы жүйесін жаңғырту мемлекеттік кепілдік беру механизмін оңтайландыруға, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі аз адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін арттырады.

Зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктерін қолайлы деңгейде беру мақсатында базалық зейнетақыны тағайындаудан ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындауға көшу жүзеге асырылатын болады (2028 жылдан бастап).

Осыған байланысты ұсынылып отыр:

  • 1. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 5 жылдан кем адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде ең төменгі кепілдендірілген зейнетақы белгілеу;
  • 2. Зейнетақы жүйесіне қатысудың 5 жылдық өтілі кезінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде базалық зейнетақы айқындау, 5 жылдан асатын әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға ұлғайтылатын болады.

3. Базалық зейнетақы тағайындаудың күші жою;

4. Базалық зейнетақы алушылар үшін ең төменгі кепілдік берілген зейнетақы базалық зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілген зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып есептеу ұсынылып отыр.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 6 ай еңбек өтілі болған кезде жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алу құқығы сақталады. Ынтымақты зейнетақылардың мөлшерін қолданыстағы зейнетақы заңнамасы жағдайында қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін олардың мөлшері инфляция деңгейінен екі пайызға оза отырып, жыл сайын индекстелетін болады.

Зейнетақымен қамсыздандырудың барабарлығын сақтау үшін 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен кезең-кезеңімен, 2023 жылғы 1% - дан бастап, оны 2029 жылға қарай 5% - ға дейін жеткізе отырып, қосымша шартты-жинақтаушы құрамдауышты енгізу ұсынылады.

Салымшыға (алушыға) әлеуметтік мұқтаждықтарға пайдалану құқығын бере отырып, жұмыс берушінің Зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін осы көрсетілген шоттарға міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін БЖЗҚ-да жеке нысаналы шоттар ашуды көздеу қажет.

Еске сала кетсек бұған дейін мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету туралы ұсыныс айтқан еді. Алайда, экономист маманның сөзінше, дәл қазір мұны жасау мүмкін емес.

Сонымен қатар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов министрлер кабинеті зейнеткерлік жасты төмендету мәселесін қарастырып жатпағанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882358-kazakstanda-zejntaky-zjesin-zgertu-zosparlanyp-otyr/